389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook акциялары 24 пайызға құнсызданған

  • 363
  • UPD: 10:17, 27.07.2018

Facebook компаниясының акциялары 24 пайызға құнсызданды.

Акционерлер 150 млрд доллар қаржы жоғалтқан. Бұл туралы әлеуметтік желінің тоқсандық есебінен кейін белгілі болды. Сарапшылар мұндай өзгерісті күтпеген. Соңғы деректерге сәйкес, аталған желіге 2,23 миллиард қолданушы тіркелген. Бұл көрсеткіш мамандар болжағаннан 20 миллионға аз. Тоқсандық пайда 13,2 миллиард долларға жетті. Алайда бұл да сарапшылар күткен сомадан 100 миллионға кем. Мұндай нашар көрсеткішке компанияның бірнеше рет дау-дамайға ілігуі себеп. Жеке деректердің қолды болуы да халықтың желіге деген сенімін жоғалтты. Осыдан кейін компания қауіпсіздік пен жеке мәліметтерді сақтауға қыруар қаражат бөлді. Әзірге мекеменің пайдасынан гөрі шығыны көбірек болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы