387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны артты

  • 388
  • UPD: 20:16, 27.07.2018

Гватемаладағы Фуэго жанартауының атқылауынан қаза тапқандар саны 153-ке жетті.

Бұл туралы ұлттық сараптама институты хабарлады. Осыған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 125 адамның опат болғанын мәлімдеген еді. Тағы 332-сі ұшты-күйлі жоғалып, іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кету керек, Гватемаладағы жанартау 3 шілдеден бастап атқылаған. Бұл ел тарихындағы ең үлкен және ең көп шығын әкелген жанартау дейді мамандар. Ресми деректерге сәйкес, 1 миллион 700 мың тұрғын зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы