386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда дала өртімен күресу үшін GBU-49 бомбасы қолданылуда

  • 363
  • UPD: 07:21, 28.07.2018
Швецияда дала өртімен күресу үшін GBU-49 бомбасы қолданылуда

Швецияда 2 апта бұрын басталған жалынның басылар түрі жоқ.

Билік орман өртін ауыздықтауға әскери авиация күшіне жүгінді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, тілсіз жаумен күресу үшін ұшақтар арнайы GBU-49 деген бомбаны қолдануда. Ол оттекті детонация радиусынан 100 метр қашықтықты жандырып жібереді. Бұл операция Эльдвален аймағында өткізілген. Мамандардың айтуынша, отты өшіруге өрт сөндірушілерді жіберу қауіпті. Себебі, бұл жақта әскери полигон орналасқан. Соңғы дерекке сәйкес, ұшақтар отты тұмшалау үшін 80 жарылғыш затты лақтырып үлгерген.

Хабар 24 телеарнасы