386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның Puy du Fou саябағынан тарихи аңыздар мен әңгімелер әлемін тамашалауға болады

  • 394
  • UPD: 07:51, 28.07.2018
Францияның Puy du Fou саябағынан тарихи аңыздар мен әңгімелер әлемін тамашалауға болады

Франция батысында орналасқан Puy du Fou ойын-сауық саябағы қонақтарды тарихи аңыздар мен әңгімелер әлеміне шақырады.

Мұнда театр әртістері күнделікті 20-дан аса қойылым қояды. Рим гладиаторларының жекпе-жегінен бастап Версаль балы мен Артур патшасы кезіндегі серілер жарысына дейін тамашалауға болады. Puy du Fou 1978 жылы әуесқой театр қойылымы негізінде құрылған. Алғашқы көрсетілімдер ескі қорған қирандысында жасалған. Содан бері бұл шоу жалпыұлттық және халықаралық танымалдыққа ие болды. Қазіргі таңда мыңнан аса кәсіпқой әртісі мен қолға үйретілген жануарлары бар. Мамандар кейбір қойылымдардың тарихи деректерге сәйкес келмейтінін алға тартады. Алайда парктің бас директоры: «біздің басты мақсатымыз – халыққа жақсы көңіл-күй сыйлап, әдемі поэма көрсету», – дейді.

Айта кету керек, қазір  Puy du Fou әлемдегі ең  үлкен ойын-сауық орталығы саналады. Ол 50 гектардан аса жерді алып жатыр. Бұл саябаққа жылына 2 миллионнан аса қонақ келеді.

Хабар 24 телеарнасы