388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римде алғашқы жағажай ашылады

  • 565
  • UPD: 15:21, 29.07.2018
Римде алғашқы жағажай ашылады

Италия билігі Римде алғаш рет қалалық жағажай салып жатыр.

Қала мэрі Вирджиния Раджи Тибр өзені жағасында Париждегідей демалыс аймағын ашуға бұйырды. Он мың шаршы метр аумақты алып жатқан жағажайға шетелден жеткізілген құм төселеді. Демалушылар үшін арнайы шезлонг, шатыр және жазғы спорт түрлеріне арналған алаңдар құрылады. Жергілікті билік осы мақсатта заңсыз тұрғызылған лашықтарды бұзып жатыр. Ал тұтынушы құқығын қорғаушылар туристердің қауіпсіздігін сақтауды талап етіп, қала мэріне санитарлық жағдайға байланысты хат жолдады.

Айта кету керек, ағын сулардың кесірінен бүгінде Тибр өзені Италиядағы ең лас өзендердің бірі болып саналады. Римдіктер мұны жақсы білгенімен, туристер бейхабар.

Франко, Рим қаласының тұрғыны:

- Бұл – жалпы жақсы идея. Жағажай Париж және Еурапының өзге де қалаларындағыдай болса, керемет болушы еді.

Маттео, Рим қаласының тұрғыны:

- Қызықты ұсыныс деп ойлаймын. Бірақ бұл идеяның қаншалықты жүзеге асатынын білмеймін. Тибр өзені қатты ластанған. Мұнда ешкім келмейді деп ойлаймын. Мен өз басым бармаушы едім.

Хабар 24 телеарнасы