384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сочиде Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер өтеді

  • 339
Сочиде Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер өтеді

Сочиде Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер өтеді. Бұл кездесуде Ресей, Иран және Түркия мемлекеттері бас қосады.

Жиында Сирия конституциялық комитетін құру мен деэскалация аймақтарындағы жағдайға қатысты мәселелер қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, бүгін сарапшылардың кеңесі өтпек. Ал ертең пленарлық отырыс. Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин бастап барады. Ал Иран мен Түркия тарапы атынан Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Хосейн Ансари мен Седат Онал болады. Бақылаушы ретінде БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Мистура мен Иордания делегаттары қатысады. Айта кету керек, Сирияға қатысты алдыңғы 9 кездесу Астанада өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы