386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда «адамның қос алақаны» тіреп тұрған көпір ашылды

  • 708
  • UPD: 23:48, 01.08.2018

Вьетнамдағы Дананг қаласында әлемде теңдесі жоқ көпір ашылды.

Бұл көпірді адамның қолының пішініндей етіп жасалған тіреуіштер ұстап тұр. Жалпы «алақандар» болат пен әйнекті талшықтан жасалған. Бірақ архитекторлар оны тастың түсіндей етіп бояғандықтан «қолдар» жартастан шығып тұрғандай әсер қалдырдаы.

Bored Panda хабарлауынша, 150 метрлік көпір теңіз деңгейінен 1400 метр биіктікте орналасқан. Елдің Ба На шипажайлы аймағындағы бұл көпірді салуға 1 жыл уақыт жұмсалды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы