384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Google Қытайда қайтадан қолданысқа енгізілуі мүмкін

  • 388
  • UPD: 07:50, 03.08.2018

Қытай халқы қайтадан «Гуглды» қолдана бастауы мүмкін. Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі хабарлады.

Компания қытайлар үшін арнайы мобильді қосымша жасап шығаруды қолға алды.  Оның ерекшелігі – Қытай үкіметі заңымен рұқсат етілмейтін ақпаратқа жол берілмейді. Егер бұл жоба жүзеге асса, «Гугл» 180 градусқа бетбұрыс жасайды екен. Корпорация Қытай еліндегі жұмысын 2005 жылы бастап, 2010 жылдың қаңтар айында құқық қорғау органдарының Gmail аккаунтына кибершабуыл жасалды деп айыпталып, үлкен дау туындаған еді. Ал үкімет тарапы ғаламтор қызметінің жабылуына осыдан 25 жыл бұрын Тяньаньмэнь алаңында болған студенттер шеруіне қатысты тараған ақпарат себеп болғанын айтады. 

Айта кетейік, Қытай аумағында көптеген жаһандық сайттар мен әлеуметтік желілерді қолдануға шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы