383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландиядағы тауда қалған альпинист құтқарылды

  • 273
  • UPD: 21:21, 03.08.2018
Жаңа Зеландиядағы тауда қалған альпинист құтқарылды

Жаңа Зеландияда жоғалып кеткен Терри Харч есімді 29 жастағы австралиялық альпинист құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Денесінің кей тұстарын үсік шалғанымен, халі жақсы. Еске сала кетейік, Харч өткен аптада осы елдегі Маунт-Аспайринг ұлттық саябағына аттанып, жоғалып кеткен болатын. Оның оралмай жатқандығы туралы құтқару қызметіне досы хабарлаған. Харчтің өзі қолындағы ескі радиобайланыс құралы арқылы белгі беріп, мамандар альпинистің қай жерде екенін анықтаған. Бірақ тауда қар жауып, қатты жел тұрғандықтан құтқарушылар жолға шыға алмаған еді. Ал мамандардың айтуынша, Харч қар астынан үңгір жасап, жан сақтап келген.

Айта кетейік, соңғы 10 жылда биіктігі 3 мың метрден асатын Аспайринг тауына аттанған 30 адам көз жұмыпты.

Хабар 24 телеарнасы