386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия Испанияға 29 млн еуро бөлді

  • 257
  • UPD: 17:16, 04.08.2018
Еурокомиссия Испанияға 29 млн еуро бөлді

Еуропалық Комиссия Испанияға 29 миллион еуро бөлді. Бұл ақша елге Мароккодан ағылып келіп жатқан мигранттар мәселесін шешу үшін берілген көмек.

Бұл туралы Еуропалық Комиссияның баспасөз хатшысы хабарлады.

Айта кету керек, өткен айдың соңында Испания үкіметінің басшысы Педро Сенчес Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкерге арнайы хат жолдап, елде ушығып тұрған мәселеге қатысты қаржылай көмекті көбейтуді сұраған болатын.

Қазір Испания аймағында Африкадан келген 20 мыңнан астам мигрант бар.

Хабар 24 телеарнасы