378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак Иранға қарсы АҚШ санкциясын орындауға мәжбүр

  • 584
  • UPD: 15:09, 08.08.2018
Ирак Иранға қарсы АҚШ санкциясын орындауға мәжбүр

Ирак АҚШ-тың Иранға салған санкциясымен келіспейді.

Бірақ өз мүддесін қорғау үшін оны орындайтын болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади мәлімдеді. Оның айтуынша, режимді жеңілдетуге арналған санкциялардың еш пайдасы жоқ. Тек қоғамға қарсы әрекеттерге алып келеді. Айта кетейік, жақында АҚШ Иранға қатысты алғашқы санкциялар пакетін жаңартқан болатын. Ол ирандық экономиканың маңызды салалары мен автокөлік нарығына бағытталған. Ал мұнай мен энерготасымалдаушыларға қатысты екінші санкцияны қараша айында жаңарту көзделіп отыр.

Хайдер әл-Абади, Ирак премьер-министрі:

- Біз бұл санкцияға қарсымыз. Ол алғашында режимді жеңілдету үшін қабылданған еді. Бірақ, керісінше, ұлттың құты қашып, қоғамға тек залалын тигізіп келеді. Иранға қарсы бағытталған санкцияны стратегиялық тұрғыда қателік дер едім. Дегенмен өз мүддемізді толыққанды қорғап қалу үшін біз оны орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы