387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада есірткіні тоқаштың ішіне жасырған қылмыскерлер ұсталды

  • 329
  • UPD: 23:18, 08.08.2018
Мексикада есірткіні тоқаштың ішіне жасырған қылмыскерлер ұсталды Nakonu.com

Мексика полициясы Гвадалахара әуежайында кокаин тәркіледі.

Қылмыскерлер есірткіні тоқаштардың ішіне жасырған. Әрбіреуінде 120 грамм кокаины бар 15 тоқаш табылды. Полицияның мәліметінше есірткіні АҚШ-тың Калифорния штатына жеткізбек болған. Қара нарықта бір грамм кокаин 150 доллар тұрады. Соңғы кезде қылмыскерлер есірткіні осындай шағын мөлшерде тасымалдауға көшкен. Бұл әуежайлардағы полицияның жұмысын қиындатып жіберді.

Хабар 24 телеарнасы