386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда ағаш кесуден чемпионат өтті

  • 417
  • UPD: 08:02, 09.08.2018

Норвегияның Лиллехаммер қаласында ағаш кесуден халықаралық чемпионат өтті.

Жарысқа 28 мемлекеттен 130 спортшы қатысты. Олар 6 түрлі дәрежеде бақ сынасты: ағашты құлатудан бастап, бөренені қанша уақытта егейтіндеріне дейін есептелді. Қазылар алқасы қатысушылардың араны қолданудағы шеберлігі мен қызмет көрсетудің сапасына баса назар аударды. Сонымен қатар кесілген ағаштың дәлдігі мен қауіпсіздік шарасын сақтауға көңіл бөлінді.

Айта кету керек, ағаш кесуден халықаралық чемпионат Норвегияда 5-рет өтіп отыр. Осы жылғы жеңімпаз Германиядан келген Марко Траберта атанды.

Хабар 24 телеарнасы