389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда «Шаньшань» дауылы соқты

  • 331
  • UPD: 18:37, 09.08.2018
Жапонияда «Шаньшань» дауылы соқты Vesti.Ru

Жапонияда елдің солтүстік-шығыс жағалауына соққан «Шаньшань» дауылынан 4 адам жарақат алды.

Токио өңіріндегі әуежайлардан 100-ден астам ұшақ рейсі  кейінге шегерілді. Дүлей желден қоғамдық көліктердің қозғалысы да азайтылды. Қазір дауыл Токио аймағы мен Хонсю аралын басып өтіп, солтүстікке қарай бет алған. Ұйытқан желдің күші секундына 50 метрге жетуде. Дауыл өзімен бірге толассыз жаңбыр ала келген.

Еске сала кетейік, Жапонияда өткен айдың бас кезінде «Прапирун» дауылы соғып, оның соңы нөсер мен тасқынға ұласып, 200-ден астам тұрғын көз жұмды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дауыл елге орасан зор шығын әкелді. Оның көлемі 700 миллион доллардан асып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы