384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте ірі терактінің жолы кесілді

  • 469
  • UPD: 10:57, 12.08.2018
Египетте ірі терактінің жолы кесілді

Египетте қауіпсіздік күштері ірі лаңкестіктің алдын алды.

Тәртіп сақшылары ел астанасы Каирдегі «Әулие Мария» шіркеуінде жарылыс ұйымдастырмақ болған содырдың жолын кесті. Бірақ ол ғимаратқа жетпей өзін жарып жіберді. Нәтижесінде лаңкестен басқа ешбір адам қаза тапқан жоқ. Қазір жарылысты кімдер ұйымдастырмақ болғаны анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Мысырда 2017 жылы сәуір айында христиан шіркеулеріне бірнеше шабуыл жасалғаннан кейін төтенше жағдай тәртібі енгізілген болатын. Содан бері мемлекеттегі барлық діни нысандар қатаң бақылауға алынған. Бұл ғимараттарға қарулы күзет қойылып, ішке кіретін адамдар мұқият тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы