386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда бұршақ пен қар жауды

  • 482
  • UPD: 16:35, 12.08.2018
Грузияда бұршақ пен қар жауды Антикор

Грузияда дауыл саябыр таппай тұр.

Кей өңірлерде бұршақ пен қар жауып жатыр. Поти қаласында ресейлік бір турист суға кетті. Жалпы судың кесірінен соңғы 2 айда барлығы 39 адам көз жұмған. Кахети ауданында жауын-шашын салдарынан үйлерді су басты. Таулардан тас құлап, жолдарды жауып қалған. Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай ауа райы әлі де бірнеше күн бойы сақталады. 

Ираклий Тоидзе, Аджария ТЖҚ бас департаментінің басшысы:

- Теңіздегі дауыл күшейіп, суға түсуге тыйым салынды. Толқынның биіктігі 3 метрге дейін жетті. Құтқару мұнараларына қызыл түсті белгілерді іліп қойдық. Алайда тұрғындар оған қарамастан, суға шомылудан бас тартар емес. Біз қауіпсіздік шараларын күшейттік.

Хабар 24 телеарнасы