385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы фестиваль кезінде 300-ден астам адам жараланды

  • 370
  • UPD: 20:26, 13.08.2018

Испанияның солтүстік-батысындағы Виго қаласында музыкалық фестиваль кезінде 300-ден аса адам зардап шекті.

Олардың көбі ауыр халде. Рейтер агенттігінің хабарлауынша көрермендер отыратын ағаш мінбе құлаған. Оқиға болған жерде жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы