365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубада жаңа конституция жобасы бойынша бүкілхалықтық талқылау басталды

  • 167
  • UPD: 11:41, 14.08.2018
Кубада жаңа конституция жобасы бойынша бүкілхалықтық талқылау басталды

Үш айға созылатын шара барысында ел тұрғындары ата заң жобасы бойынша өз ұсыныстарын жіберуге құқығы бар.

Сондай-ақ ел тарихында алғаш рет шетелде тұрып жатқан кубалықтар да ғаламтор арқылы өз пікірін білдіре алады. Еске сала кетсек, биыл шілде айында Кубаның ұлттық ассамблеясы конституциялық реформаны жүргізуді қолдаған. Жаңа заң жобасында бұрынғыдай Куба мемлекетінің басты қағидаттарының бірі ретінде социалистік мемлекет құру деп аталған. Дегенмен жекеменшік құқығы танылып тұр. Сондай-ақ жаңа конституция президент лауазымын енгізіп, оның мемлекет басқару мерзімін 10 жылмен шектеуді қарастырған.

Осы категория бойынша: « Д.Трамп әскери бюджетке қол қойды «Дидгори айқасы» мемориалды кешенінде ұлықталған батырлар қатарында қыпшақтар да бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы