365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексика президенті мұнай өңдеу саласын дамыту жоспарын жариялады

  • 174
  • UPD: 13:54, 14.08.2018
Мексика президенті мұнай өңдеу саласын дамыту жоспарын жариялады

Мексиканың жаңа сайланған президенті Лопес Обрадор елдің мұнай өңдеу саласында ірі инфрақұрылымдық реформалар жүргізетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жанармай импортына тәуелділігінен құтылу үшін үкімет 11 миллиард доллардан аса қаржы бөледі. Оның 2 миллиард 600 миллион доллары қазір елде бар 6 мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыруға, ал 8 миллиард 400 миллион доллары алдағы үш жылда жаңа зауыт салуға жұмсалмақ. Мексика – Латын Америкасында ең ірі мұнай экспорттаушы елдердің бірі. Алайда жанармайдың біраз бөлігін АҚШ-тан импорттап жүр. Лопес Обрадордың айтуынша, осы жоспары жүзеге асқаннан кейін Мексика бензинмен өзін-өзі толығымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жаңа президент елдегі шикі мұнай өндірісін де арттырмақ.

Лопес Обрадор, Мексиканың жаңа сайланған президенті:

- Біз мұнай өндірісін де дамытуымыз керек. Шикізат болмаса, өңдеу зауыттарының қуатын арттырудың мәнісі болмайды. Сондықтан осы жоспарымыз бойынша ұңғымаларды бұрғылау мен мұнай өндірісін ұлғайтуға қосымша 3 миллиард 900 миллион доллар бөлінеді.

Осы категория бойынша: « «Дидгори айқасы» мемориалды кешенінде ұлықталған батырлар қатарында қыпшақтар да бар Колумбияда гүлдер фестивалі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы