374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдағы күшті жер сілкінісінен 24 адам зардап шекті

  • 163
  • UPD: 20:43, 14.08.2018

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юаньнань провинциясында екі күн қатарынан жер сілкінді.

5 балдық зілзала салдарынан 24 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Алғашқысы кеше, ал екіншісі бүгін Юйси қаласында болған. Бұл туралы «Риа» агенттігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады. Жер сілкінісінің эпицентрі 6 шақырым тереңдікте тіркелген. Мамандардың айтуынша, табиғат апаты салдарынан 70 мың тұрғын зардап шеккен. Ал 33 мыңнан аса адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 8 мыңнан аса нысан зақымданған.

Осы категория бойынша: « Швецияда әлдекімдер 80 көлікті қасақана өртеп жіберген Қостанай облысында «жасыл экономикаға» көшкен шаруашылықтар саны артып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы