387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда тырысқақ індеті өршіп тұр

  • 519
  • UPD: 14:40, 15.08.2018
Нигерияда тырысқақ індеті өршіп тұр

Нигерияның солтүстігінде тырысқақ індеті өршіп тұр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жыл басталғалы осы қауіпті жұқпалы аурудан 30-ға жуық адам көз жұмған.

Жалпы індет елдің 17 штатында тіркелді. Аурудың таралуымен күрес шараларына 90 мың доллар қаржы бөлінген. Тырысқақ ластанған су арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Жергілікті үкімет өкілдері, тұрғындарды аурудан сақтануға шақырып отыр. Ең алдымен, тек таза ауыз суын ішу және үнемі қолды сабындап жуу керек. Биыл көктемде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірнеше елі Замбия, Малави, Уганда, Оңтүстік Судан мен Нигерияда тырысқаққа қарсы вакцина еккен.

Хабар 24 телеарнасы