365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кабулдағы жекеменшік ЖОО-да жарылыс болып, 48 адам көз жұмды

  • 167
  • UPD: 23:28, 15.08.2018
Кабулдағы жекеменшік ЖОО-да жарылыс болып, 48 адам көз жұмды

Ауғанстан астанасында тағы жойқын жарылыс. Лаңкестіктен 48 адам қаза тауып, 70-ге жуығы жарақат алды.

Теракт Кабулдың батыс бөлігіндегі «Мавуд академиясы» деп аталатын жекеменшік жоғары оқу орнында болған. Содырлардың бірі сабақ өтіп жатқан ғимаратқа кіріп, өзін жарып жіберген. Полицияның мәлімдеуінше, лаңкес ішке өту үшін өзін студент ретінде көрсеткен. Ал қаза тапқандардың көбі университетке түсу үшін дайындық курсынан өтіп жүрген 18 жастағы бозбалалар. Әзірге жарылысты ешқандай лаңкестік топ мойынына алған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Осы категория бойынша: « Ауғанстан әскері Газни қаласын азат етті Лондонда жаяу жүргіншілерді қаққан қаскөйдің аты-жөні белгілі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы