364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда жаяу жүргіншілерді қаққан қаскөйдің аты-жөні белгілі болды

  • 142
  • UPD: 23:41, 15.08.2018

Кеше Ұлыбритания парламенті маңында жаяу жүргіншілерді көлікпен қаққан қаскөй Суданнан келген иммигрант, 29 жастағы Салих Хатер болып шықты.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Лондонға Бирмингем қаласынан келіп, көлікпен түні бойы шаһарды кезген. Сондай-ақ қылмыскердің бұған дейін ешбір құпия қызметтің бақылауында болмағаны айтылып отыр.

Еске сала кетейік, кеше Лондонда қаскөй жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді көлікпен қағып, одан әрі қоршауға соғылған еді. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден ұстаған. Оқиға кезінде 3 адам жарақат алды. Құқық қорғау органы оқиғаны лаңкестік әрекет деп жариялады. Қазір тергеумен Ұлыбритания полициясының лаңкестікке қарсы бөлімі айналысып жатыр.

Бен Уоллес, Ұлыбритания Қауіпсіздік министрі:

Көлікпен адамдарды қаққан Ұлыбритания азаматы. Бірақ өзге елдің тумасы. Қазір күдіктіден жауап алынып жатыр. Іске зияны тимес үшін көп ешнәрсені ашып айта алмаймын. Бірақ біз бұл ұйымдасқан түрдегі теракт емес жалғыз адамның лаңкестік әрекеті деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Кабулдағы жекеменшік ЖОО-да жарылыс болып, 48 адам көз жұмды Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы