386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша президенті Еуропарламентке сайлану туралы заңға вето қойды

  • 629
  • UPD: 23:30, 16.08.2018

Польша Президенті Анджей Дуда Еуропалық парламентке сайлау жөніндегі заңға өзгертулер енгізуге вето қойды.

Президенттің мұндай шешім қабылдауына сайлаудағы мөлшерлестік қағидасының бұзылуы себеп. Дуданың айтуынша, еуропалық құқықта парламентке өту үшін 5 пайыздық меже бар. Сондықтан партия бұл заң шығарушы органға өту үшін сайлаушылардың кем дегенде 5 пайыз дауысын жинауы тиіс. Ал оны өзгерту еуропалық құқықта көрсетілген тәртіпті бұзып, оның беделін түсіреді. Салдарынан азаматтардың сайлауға қатысуы төмендейді.

Еске сала кетейік, Еуропалық парламентке сайлау әр 5 жыл сайын өтеді. Келесі саяси дода 2019 жылы 23-26 мамыр аралығына белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы