378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Түркияға қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін

  • 556
  • UPD: 11:10, 17.08.2018
АҚШ Түркияға қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін

Егер Түркия үкіметі америкалық пастор Эндрю Брансонды жақын арада босатпаса, Америка бұл елге салған санкцияларын күшейтеді.

Бұл туралы АҚШ қаржы министрі мәлімдеген. Түркияда қызмет еткен Эндрю Брансон қуғындағы Гюленмен байланысы бар деп 2016 жылы қамауға алынған болатын. Пастор 2 жылға жуық түрмеде отырып, жақында үй қамаққа ауыстырылды. Осыған байланысты АҚШ алғаш рет НАТО-ға мүше елге санкция қолданған еді. Салдарынан түрік лирасы құнсызданып кетті. Осыған жауап ретінде Түркия үкіметі де бірқатар америкалық тауарға баж салығын көтерген. 

Хабар 24 телеарнасы