369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Газниде соңғы бір аптада 200-ден астам адам қаза тапты

  • 137
  • UPD: 09:08, 18.08.2018
Газниде соңғы бір аптада 200-ден астам адам қаза тапты

Талибан радикалды тобының қарулы күштері Ауғанстанның Газни қаласына шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны бір апта ішінде 200 адамнан асты.

Бұл туралы РИА агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссарына сілтеме жасап хабарлады. Ұйымның дерегіне сәйкес, Ауғанстан қарулы күштері Газни орталығын тәліптерден тазартты. Қанды қақтығыс енді жақын аймақтағы елді мекендерде ушығып тұр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, көптеген дүкендер тоналып, азық-түлік жетіспеушілігі қиындық тудырып отыр. Айта кету керек, тәліптердің бірнеше әскери жасағы Газни қаласына шабуыл жасап, басып алмақшы болған. Оларға үкіметтің қарулы күштері қарсылық көрсетті. Сонымен қатар «Ирак және Левант тобының» қарулы қақтығысы жиілеп кетті. Сондықтан Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік мекемесі лаңкестікпен күрес шараларын күшейтіп жатыр.

 

Осы категория бойынша: « Австралияда тікұшақ құлады Брюссельде «Гүл кілем» дәстүрлі фестивалі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы