387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада 50 тонна есірткі тәркіленді

  • 441
  • UPD: 12:36, 18.08.2018

Мексика теңіз жаяу әскерінің сарбаздары Сина-лоа штатында салмағы 50 тонна болатын химиялық есірткі түрі метамфетаминді тәркіледі.

Арнайы жасақ заңсыз жүкті жасырын зертханананың жанындағы қоймадан тапты. Қылмыскерлер оларды бөшкеге салып, жерге көміп қойған. 

Полицияның мәлімдеуінше, бұл елде қолға түскен ең ірі есірткі партиясы. Ол осы өңірдегі есірткі сатумен айналысатын топ басшысының біріне тиесілі болуы мүмкін деп отыр. Қазір заңсыз жүкке қатысты тергеу жүріп жатыр. Әзірге операция барысында қанша адамның тұтқындалғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы