367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем қайраткері Кофи Аннан дүние салды

  • 201
  • UPD: 21:14, 18.08.2018
Әлем қайраткері Кофи Аннан дүние салды

Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымының 7-ші Бас хатшысы Кофи Аннан көз жұмды.

80 жастағы саясаткер көп те ауырмаған. Ресми ақпарға сәйкес, Кофи Аннанның соңғы сағаты жұбайы мен балаларының жанында өткен. Марқұмды жерлеп, онымен қоштасу уақыты туралы бұқаралық ақпарат құралдары кейінірек хабарлайды.

Айта кету керек, Кофи Аннан БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде 1997 жылдан 2006 жылға дейін қызмет атқарды. 2001 жылы Нобель сыйлығын иеленді. Бұл сыйлық оның «Адам құқығын қорғау, Африкадағы ЖИТС ауруымен және Жер бетінде лаңкестікпен күресу жұмыстары» үшін берілген. 1990 жылы, Ирак Кувейтті басып алғаннан кейін халықаралық ұйымдардың өкілдерін алып кетуді ұйымдастыру үшін Кофи Аннан Иракқа жіберілді. Ал отставкаға шыққаннан кейін саясаткер Кения мен Сирияда бейбітшілік орнату жобаларымен айналысқан.

Осы категория бойынша: « Австралияда орман отқа оранды Испания полициясы есірткі тасымалымен айналысатын халықаралық топты ұстады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы