365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эстония өнертапқыштары ретро стиліндегі электр көлігін көпшілікке ұсынды

  • 135
  • UPD: 08:55, 19.08.2018
Эстония өнертапқыштары ретро стиліндегі электр көлігін көпшілікке ұсынды

Егер электр көлігін 1960 жылдары құрастырып шығарғанда ол қандай болар еді?

Эстония өнертапқыштары ретро стиліндегі машинаны көпшілікке ұсынды. Электрокардың сырты ғана емес, оның қозғалтқышының механикалық энергиясына арналған тетіктер жиыны да ерекше. Мұндай үш дөңгелекті көлік өте тиімді. Себебі көп мемлекетте ол «трицикл» болып саналғандықтан, оны жүргізу үшін арнайы куәліктің қажеті жоқ.

Айта кеткен жөн, бұл техникалар әзірге Таллиндегі жай ғана гаражда құрастырылып жатыр. Ең қызығы, өнертапқыштардың ешқайсысы осыған дейін көлік индустриясында жұмыс істеп көрмеген. Олардың айтуынша, көлік сағатына 110 шақырым жүріп өтеді. Бір аккумулятордың күші 220 шақырымға жетеді. Бағасы 29 мың еуро. Компания бүгінге дейін 5 көлік сатты. Жоспарда 2020 жылға қарай үлкен нарыққа шығу бар.

Осы категория бойынша: « Грузияның ұлттық валютасы құнсызданып барады Берлинде Путин мен Меркель кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы