374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда тәліптермен шайқас кезінде 100-ден аса сарбаз жоғалып кетті

  • 156
  • UPD: 14:11, 19.08.2018
Ауғанстанда тәліптермен шайқас кезінде 100-ден аса сарбаз жоғалып кетті

Ауғанстанда тәліптер Фарьяб провинциясындағы әскери базаны шабуылдау кезінде 100-ге жуық сарбаз жоғалып кетті.

Жергілікті биліктің айтуынша, олардың қайда екенін ешкім білмейді. Қазір әскерилерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада «Талибан» қозғалысының қарулы топтары Бальчириг ауданындағы әскери базаға тұтқиылдан шабуыл жасап, басып алған болатын. Аудан бірнеше күн тәліптердің қолында болғандықтан әскерилердің қал-жағдайын білу мүмкін болмады. Қорғаныс министрлігінің айтуынша, осы қақтығыс кезінде 17 сарбаз қаза тауып, тағы 12 жауынгер жараланған.

Осы категория бойынша: « Генуяда құлаған көпір қайта салынатын болды Колумбия жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы