385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда көлікті пайдалануға қатысты ЕАЭО талаптары енгізілді

  • 351
  • UPD: 20:12, 19.08.2018

Қырғызстанда автокөліктерді пайдалануға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ нормасы енгізіліп, талап күшейтіліп жатыр.

Мәселе техниканы бастапқы қалпынан өзгертуге қатысты туындаған. Еуразиялық экономикалық комиссияның қорытындысы бойынша көліктің құрылымын өз бетінше өзгерту жол апатына әкеліп соғуы мүмкін. Және оның көбі қайғылы жағдаймен аяқталады.

Статистикаға жүгінсек, 2017 жылы бір ғана Ресейде жол-көлік апатынан 19 мың адам көз жұмды. Апат себептерінің қатарында түрлі техникалық ақаулармен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың көлік қауіпсіздігі талаптарын бұзған жайттар да тіркелген. Сондықтан Қырғызстан билігі Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынысына жүгініп, көлікті қайта жөндеу немесе бөлшектерін өзгерту үшін арнайы тексеріс енгізді. 

Мирлан Боенов, техникалық қадағалау бөлімінің басшысы:

- Көлік құрылысындағы барлық өзерістерді қарастыру кезінде біз эскизді жобаның 9-қосымшасына сүйенеміз. Бұл Кеден одағы техникалық талаптарының көлік құралдарына қатысты өзгерістері. Ал егер көліктің құрылысы өзгермеген болса оның аспалы және қозғалмалы бөлігін ауыстыруға болады.  

Бақылаушы органдар техникалық талаптарға арнайы қосымша дайындаған. Онда көлікке қандай өзгерістер енгізуге болмайтындығы және қандай тұстарын тек білікті мамандардың, ал қандай бөліктерін адамдардың өздері жасай алатыны көрсетілген. Себебі кейбір көлік иелері өзгеден ерекше болуды қалайтыны анық. Мысалы, тюнингті алайық.   

Шамен Сальпиев, жүргізуші:

- Көліктің шеттеріне қалқанша қоюда тұрған не бар. Ол ешкімге кедергі келтіріп жатқан жоқ қой. Ал көліктің дыбысын зорайтуға қатысты наразылықты түсінем. Әсіресе түнгі мезгілде шағымданушылар көп. 

Еуразиялық экономикалық комиссия жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі талаптар орындалуы керек дейді. Бұл тәртіпке бақылаушы органдар да, көлік иелері де бағынуы тиіс. Қазір комиссия электронды автоқұжат енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы барлық көлік құралдары туралы ортақ мәлімет жинақтауға мүмкіндік береді. Егер адам көлігіне қандай да болмасын өзгеріс енгізсе бұл жайында Одақтың барлық бақылаушы органдары хабардар болып отырады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы