389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда көпір апатының орнында іздестіру жұмыстары тоқтатылды

  • 410
Италияда көпір апатының орнында іздестіру жұмыстары тоқтатылды

Италияның Генуя қаласындағы көпірге қатысты іздеу-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

Соңғы ақпарға сәйкес, тағы 3 адамның денесі табылды. Сонымен, осы апат салдарынан қаза тапқандар саны 43-ке жетті. Іс-түссіз жоғалғандар жоқ. Әзірге 9 кісі ауруханада жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр. Осыған дейін құрбан болғандармен қоштасу рәсімін Италия үкіметі ұйымдастырғаны туралы хабарланды. Алайда, қайтыс болғандардың кейбіреулерінің туыстары билікке наразылық ретінде жеке жерлеу рәсімдерін өткізді. Себебі олар қайғылы оқиғаға мемлекеттік ұйымдарды кінәлайды. «Егер инфрақұрылымды жіті бақылауда ұстағанда, мұндай адам шығыны болмас еді» дегенді алға тартты. Өз кезегінде үкімет алдағы уақытта елдегі жолдарды қауіпсіз етіп, мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді.

Еске сала кетейік, 14 тамызда 50 метр биіктікте орналасқан 200 метрлік эстакада бөлігі опырылып түсті. Сол сәтте көпірдің үстінде 40 шақты көлік болған.

Хабар 24 телеарнасы