384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңізде жоғалған әйел 10 сағаттан соң құтқарылды

  • 382
  • UPD: 21:10, 21.08.2018
Теңізде жоғалған әйел 10 сағаттан соң құтқарылды

10 сағат бойы теңізде болған 46 жастағы британдық әйел аман-есен табылды.

Кэй Лонгстафф Хорватия жағалауынан 100 шақырым қашықтықта «Норвегия жұлдызы» атты саяхат кемесінен суға құлап кеткен. Оны құтқару операциясына Хорватия жағалау күзетінің ұшағы мен азаматтық кемелер жұмылдырылды. Әбден шаршап-шалдыққан әйелді құтқарушылар ол жоғалған аумақтан 1 мың 300 метр қашықтықтан тапқан.

Ловро Орескович, «Cavtat» кемесінің капитаны:

- Әдетте адам баласы теңізде осынша ұзақ уақыт шыдай алмайды. Бақытымызға орай, ауа райы қолайлы әрі су жылы болды. Осының арқасында әйел аман қалды. Өзі де шыныққан кісі деп ойлаймын. Жүйкесі де мықты екен, бұған төзу оңай емес.

Құтқарылған әйел Хорватияның Пула қаласындағы ауруханаға жеткізілді. 20 метр биіктіктен құлап, соншама ұзақ теңізде болған әйелдің денсаулығы сыр бермегеніне дәрігерлерде таң қалып отыр. Кэй Лонгстаффтың өзі ұзаққа шыдауына йогамен айналысқаны септігін тигізгенін айтады. Әрі өзі де суда жақсы жүзеді екен.

Хабар 24 телеарнасы