389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Қытай арасындағы текетірес екі елдегі тауарлар бағасына әсер етті

  • 572
  • UPD: 08:29, 24.08.2018

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршіп барады. Ақ үйдің аспанасты елі тауарларына енгізген импорт салығы қос елдің баға тарифіне әсер ете бастады.

Мәселен, Қытайдағы робот құрастыру өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Соның салдарынан оны шығаруға қажет бөлшектердің бағасы күрт өскен. Қытайдың индустрия министрлігінің мәліметінше, робот өндірісінің жылдық көрсеткіші мамыр айында 35,1 пайызға төмендесе, ал шілде айында тағы 6,3 пайызға кеміді. Алайда, Ұлттық Даму және Реформалар комиссиясы өндірістің бәсеңдеуіне сауда қатынасының еш қатысы жоқ екендігін айтады. Бірақ сарапшылардың айтуынша, Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес тоқтамайынша6 роботтық техника өндірісі ілгерлемейді екен.

Айрис Панг, экономист:

- Сауда-саттық соғысының роботты техника саласына өз әсерін тигізетіні сөзсіз. Атап айтқанда өндіріс бәсеңдемек. Егер экспорттық тапсырыстар өсіп жатса, экспорттаушылар зауыттарын кеңейте алмайды. Сондықтан, салалық өндіріс қарқыны да баяулайды.

Кейбір сарапшылардың айтуынша, Қытайдың арзан өндірісі АҚШ-тағы тарифтер өсімін толығымен ақтайды. Себебі Америкадағы роботтық техника өнімдерінің бағасы әлі де қымбат саналады. Айта кетерлігі, Қытайдың бұл саладағы өндірісі елдің индустриялық жоспарына іліккен ауқымды жобалардың бірі. 2025 жылға дейінгі жоспар мақсаты - аспан асты елін робот өндірісі бойынша әлемдегі жетекші орынға шығару.

Хабар 24 телеарнасы