386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде полицияға оқ атқан адамның жеке тұлғасы анықталды

  • 404
  • UPD: 19:08, 24.08.2018

Мәскеуде ер адам Камбоджа елшілігінің маңында полицейлерге оқ атып, бір тәртіп сақшысын жаралады.

Оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат 8 шамасында болған. Әлгі жігіт елшілікті күзетіп тұрған полицейлерге тақау келіп кенеттен оқ атқан. Атыс басталып, тәртіп сақшылары да қару қолданды. Нәтижесінде күдіктіге оқ тиеді. Кейбір мәліметке қарағанда, ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Қазір құқық қорғаушылар қылмыскердің Кабардин Балкария республикасында туған 31 жастағы Ренат Кунашев есімді азамат екені анықталды. Бірақ оның полицейлерге неліктен қару кезенгені әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы