386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальта африкалық босқындарды қабылдаудан бас тартты

  • 354
  • UPD: 17:17, 26.08.2018
Мальта африкалық босқындарды қабылдаудан бас тартты

Он тәулік бойы Дичиотти кемесінде болған африкалық босқындар ақырында Италия жеріне табан тіреді.

Еске сала кету керек, 15 тамызда Италия жағалау күзетінің кемесі 177 мигрантты құтқарған болатын. Жақын маңда орналасқан Мальта босқындарды өз жеріне қабылдаудан бас тартты. Осыдан кейін кеме Италияның Лампедуза аралында 5 күн болып, босқындар дүйсенбі күні Сицилия жағалауына жеткізілді. Алайда Италияның ішкі істер министрі Маттео Сальвини келімсектерді қабылдамайтынын айтып, бұл мәселе Еуроодақ аясында шешілуі керек екенін алға тартты. Ақырында жерге түсуге рұқсат етілген босқындардың бір бөлігіне Албания мен Ирландия қоныс беруге келісіпті. Дегенмен көбісі Италияда қалып, оларға епископтар конференциясы қамқорлық ететін болды. Ал Маттео Сальвини ел жағалауына мигранттарды жеткізетін келесі кемені кері қайтаратынын мәлімдеген. Осы кезде Сицилия прокуратурасының Матео Сальвиниге қарсы тергеу бастағаны белгілі болды. Қадағалаушы орган «министр ел конституциясын бұзып, адамдардың бостандығын шектеді» деп айып таққан.

Хабар 24 телеарнасы