378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары күшіне енді

  • 733
  • UPD: 11:14, 27.08.2018

АҚШ-тың химиялық қару қолданғаны үшін Ресейге қарсы қабылдаған санкциялары күшіне енді.

Бұл Ұлыбританияда Скрипальдардың улануына байланысты қабылданған шара. Осыдан бірнеше күн бұрын Федералды регистрде осы санкциялардың сипаты жарияланған болатын. Атап айтқанда Ресейдің қару-жарақ саудасына қолдау көрсетуге және осы сауда-саттықты қаржыландыруға, әскери мақсатта қолданылуы мүмкін тауарлар мен технологияларды Ресейге экспорттауға тыйым салынған. Еске салып кетсек, наурыз айында британдық Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен қызы химиялық қарумен уланған еді. Кезінде ресейлік барлаушы болған Скрипаль кейін Ұлыбритания жағына ауысқан. Оның өміріне жасаған қастандықта Ресей айыпталып отыр. Кремль мұны мойындаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы