383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Егіннің бітік шықпауынан Грузияда нан қымбаттауы мүмкін

  • 551
  • UPD: 18:48, 27.08.2018

Грузияда нан қымбаттауы мүмкін. Себебі үш аптадан бері ұнның бағасы бірден 3 долларға көтерілген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл импорттаушы елдерде астықтықтың аз түсуінен және коммерциялық кәспорындарда газдың қымбаттауынан болып отыр. Нан өнімін өндірушілер үшін бұрынғы бағаны ұстап қалу қиынға соғуда екен.  

Тбилиси маңында орналасқан нан өнімдерін шығаратын зауыт. Мұнда  таңертеңнен жұмыс қызады. Күнделікті мыңға жуық батон, бәліш, тоқаш пісіріледі. Дүкен сөрелерінде  нанның бағасы әзірге 30 цент. Дегенмен, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл бағаны ұстап тұру қиынға соғып тұр.

Мариам Гогишвили, компанияның PR менеджері:

- Соңғы күндері ұнның бағасы қымбаттап кетті. Бұрын 1 қап ұн 14 доллар болса, қазір 17 доллар. Әзірге компанияның қоймада біраз қоры бар. Дегенмен, ол екі  аптаға ғана жетеді. Күніне көп мөлшерде тауар өндіренміз. Сондықтан ұн таусылғанда, оны жаңа бағамен сатып алуға тура келеді. 

Сарапшылардың айтуынша, Грузия 90 пайыз астық импортына тәуелді. Сол себепті баға шикізат тасмалданатын елдегі түсімге байланысты. Одан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер үшін газ бағасы қымбаттаған. Бұл да тауар бағасына тікелей әсерін тигізуде.

Леван Силагава, астық және нан өнімдерін өндірушілер қауымдастығының жетекшісі:

- 11 тамызда Чикаго биржасында бір тонна астық 15 долларға қымбаттады. Бүгінде тоннасына 200 доллардың орнына 232 долларды құрап отыр. Грузияның басты тасымалдаушысы - ол Ресей мемлекеті. Онда биыл астық түсімі айтарлықтай аз. Сол себепті Грузия балама нарықты іздей бастайды. Оның қатарында Қазақстан мен Украина бар. Егер қыркүйек айындағы астық жинау науқанынан соң баға қолжетімді болса, Қазақстаннан импорттайтын боламыз. Ал Грузия әзірге өзін өзі 10 пайызға ғана астықпен қамтып отыр. 

Грузия билігінің мақсаты осы. Елдегі астық түсімін еселеу. Ол үшін әр аудан бидайдың түрлі сортын өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Яғни өндіріс көлемін көбейтпейінше, баға импорттаушы елдерге тәуелді болмақ. Сарапшылардың айтуынша, нан бағасы күзде кемінде 5 пайызға қымбаттайды.

Авторлары: Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы