384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда кеме жасаушылар ереуілге шықты

  • 391
Хорватияда кеме жасаушылар ереуілге шықты

Хорватия астанасы Загреб қаласында Ульяник кеме жасаушы компанияның бір мыңдай жұмысшысы шеру ұйымдастырған.

Өткен аптадан бері ереуілге шыққан жұмысшылар 20 автобусқа мініп, қалаға келген. Күйзеліске ұшыраған Ульяник компаниясы жұмысшыларына жалақысын төле алмай жүр. Кезінде қарқынды дамып келген Ховатияның кеме жасау саласы соңғы жылдары ауыр дағдарысқа ұшыраған. Ол азиялық, соның арасында ең алдымен оңтүстіккореялық кеме жасаушыларымен бәсекеге төзе алмаған. Ульяник компаниясының қиындықтары мемлекеттік қазынаға да нұқсан келтіруі мүмкін. Үкімет осы компания алған несиелерге бірнеше жүз миллион еуро мөлшерінде кепіл берген болатын. Ереуілшілер үкіметтен кеме жасау саласына қолдау көрсетуді талап етіп отыр.

Дамиан, ереуілші:

– Кеме жасаудан бас тартпауымыз керек. Керісінше бұл саланы жаңғыртуға тиіспіз. Бәрін жоя салу оңай, бірақ бұл мәселені шешпейді.

Хабар 24 телеарнасы