378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Маккейн қазасынан кейін 3 күн өткенде Ақ үй атынан қазанама жариялады

  • 574
  • UPD: 17:39, 28.08.2018
Трамп Маккейн қазасынан кейін 3 күн өткенде Ақ үй атынан қазанама жариялады

Трамп американдық қоғамның өткір сын арқылы жасаған қысымынан кейін Маккейннің қайтыс болуы туралы мәлімдеме жасады.

25 тамыз күні АҚШ-қа зор еңбегі сіңген, Құрама Штаттардың әскери саласының майталманы, Вьетнам соғысының ардагері сенатор Джон Маккейн 82 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Сенатордың қайтыс болуына байланысты көптеген әлемдік саясаткерлер, танымал тұлғалар Маккейн отбасына қолдау сөздерін айтып, көңіл білдірді.

Алайда Ақ үйдің иесінің осындай сәтте ләм деместен тым-тырыс отыруы көптеген АҚШ азаматтарының ашу-ызасын келтірді. Трамп тегеурінді сынның астында қалды. Ақыры Маккейн көз жұмған кезден бастап, 3 күн өткен соң ғана АҚШ президенті ресми мәлімдеме жариялап, Ақ үйдгегі туды әдеттегі дәстүр бойынша жартылай түсіруге бұйрық берді.

«Саясаттағы келіспеушіліктерімізге қарамастан мен Сенатор Джон Маккейннің елімізге еткен қызметін құрметтеймін және cол кісінің құрметіне Ақ үйдегі туларды жартылай төмен түсіріп қоюға бұйрық бердім», - делінген ресми қазанамада.

Трамп вице-президент Майк Пенстың сенаторды жерлеу рәсімінде Ақ үй атынан ресми түрде сөз сөйлейтінін де жариялады.

Ақ үйдің баспасөз қызметі

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы