384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде түркі халықтарының арасындағы байланысты дамыту мәселесі талқыланды

  • 545
  • UPD: 12:48, 30.08.2018

Түркітілдес мемлекеттердің қоғамдық ұйымдары түркі халықтарының арасындағы байланысты дамытуды ойлайды.

Бакуде өткен азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда осы мәселе талқыланды. Жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен қатысушылар жиналды. Конференция аясында журналистер, жазушылар мен ғалымдар бұл жұмысқа қоғамдық институттарды тарту керектігін жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша дәл осы бірлестіктер қоғамға ой салып, әр елдің мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Жанар Айлаш, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі:

- Қазір енді түркі бауырластығының, түркі жұртының жаңа уақыты резонансы туылып жатырған секілді. Бүкіл түркінің баласы бірігіп жатыр. Біздер Әзербайжан тарапымен бірігіп, жаңа заманның қазақ поэзиясының антологиясын жасадық. Ол әзербайжан және қазақ тілінде шықты.

Хабар 24 телеарнасы