389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Латын Америкасы елдеріне қомақты қаржы бөледі

  • 748
  • UPD: 23:53, 31.08.2018
ЕО Латын Америкасы елдеріне қомақты қаржы бөледі

Еуроодақ Венесуэладағы босқындар дағдарысына байланысты Латын Америкасы елдеріне 35 миллион еуро бөледі.

Бұл туралы Колумбия президенті Иван Дукемен өткен кездесуінен кейін Испания премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеген. Соңғы жылдары Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр. Елде инфляция. Тұрмысқа қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек тапшы. Көптеген тұрғындар өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр. БҰҰ мәлімдеуінше, 2 миллионнан астам адам көрші елдерге қоныс аударған. Олар негізінен Колумбия, Эквадор, Перу және Бразилияға көшіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы