384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ: Қытай Солтүстік Кореяға қысым жасап отыр

  • 430
  • UPD: 14:22, 02.09.2018

Қытай Солтүстік Кореяға қысым жасап отыр. Ақ үйдің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Бұл хабарламаға Қытай Сыртқы Істер министрі: «АҚШ Үкіметі жауапкершілікті өзгеге артпай, кемшілікті өзінің саясатынан іздегені дұрыс» деген қарымта мәлімдеме жасады.  Осылайша әлемдегі екі алпауыт мемлекеттің қарым-қатынасы ушығып тұр. Оның үстіне «Блумберг» агенттігі Трамп алдағы уақытта 200 миллиард қытайлық импортқа баж салығын тағы көтеруге дайын деп жазды.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Ақ үй басшысы алдағы уақытта жалпы құны 200 миллард доллар болатын қытайлық импортқа баж салығын көтеруді жоспарлап отыр. «Блумбергің» жазуынша, Дональд Трамп мұндай шешімді келесі аптада қабылдауы мүмкін. Қыркүйектің алтысы күні қытайлық тауарларға тарифті көтеруге байланысты кәсіпкерлер мен қоғамның пікірін тыңдау уақыты аяқталады. АҚШ-тың сауда өкілдігі тамыздың 20-нан бері қоғам пікірін тыңдап, мәселені жан-жақты қарастырып келеді. Егер АҚШ салықты көтерсе Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы одан әрі шиеленісе түспек. Қытай бұл ақпаратқа бірден реакция білдірді. Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Хуа Чуньин «АҚШ-тың қысымы Қытайға соншалықты әсер етпейді» деп мәлімдеді.

Хуа Чуньин, ҚХР СІМ ресми өкілі:

- Американдық тараптың қысымы Қытайға әсер етпейді. Бұл әрекет мәселені шешуге де еш көмектеспейді. Қытай біреудің қорқытуынан сескеніп, орынсыз шабуылдауына еріп кетеді деп ойлайтындар ұйқысынан оянсын. Сауда текетіресінде Қытай позициясы тұрақты.  Мәселені өзара түсіністікпен, тең құқықты жолмен реттеуге дайын. 

Ал Дональд Трамп Қытай АҚШ-пен арадағы сауда келіспеушілігеінн соң Солтүстік Кореяға қатты қысым көрсетіп отыр деп есептейді. Қытай Солтүстік Кореяға ақша, жанармай, тағы да басқа маңызды тауарлар беріп, көмек көрсететінін білеміз. Бірақ оның еш пайдасы жоқ. Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан осы ресми хабарламаны Трамп твиттерінде де жариялады. «Ал АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіспеушілігі келешекте Трамп пен Си Цзиньпиннің араласуымен реттеледі. Екі президенттің өзара қарым-қатынасы өте бекем», делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы