384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кишиневте Молдова мен Румынияның бірігуін жақтаушылар митинг өткізді

  • 461
  • UPD: 21:13, 02.09.2018
Кишиневте Молдова мен Румынияның бірігуін жақтаушылар митинг өткізді

Бұл акция – 1 шілде күні Румынияның Алба-Юлия қаласынан бастау алған Унир маршының түйіні.

Митингке қатысушылар Молдова астанасына дейін 1300 шақырым жолды жүріп өтті. 1918 жылы қазіргі Молдова мен Румыния республикалары біріккен еді. Бұл акция сол Бессарабия аталып кеткен бірлестіктің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. 1940 жылы Молдова Румыниядан бөлініп, Кеңес одағына қосылған болатын. Одақ ыдыраған 1991 жылы ел өз егемендігін жариялады. Қазір молдовалықтардың тең жартысы ресми Мәскеумен байланысты күшейтуді қаласа, қалғаны Еуроодақ мүшесі Румыниямен қайта бірігуді аңсайды. Бұған дейін Президент Игорь Додонн елді Румыниямен біріктіру идеясына заңды түрде тыйым салу үшін референдум өткізуді ұсынған.

Юлия Агафьева, шеруге қатысушы:

- Молдова мен Румынияның бірігуін қалаймыз. Біздің ойымызды сұрап жатқан ешкім жоқ. Осыған қарамастан міндетті түрде бірлесуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы