383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда көпір қирап қалды

  • 643
  • UPD: 09:29, 05.09.2018
Үндістанда көпір қирап қалды News Executive on Twitter

Үндістандағы Калькутта қаласында бетон көпір опырылып түсті. Оқиға болған сәтте көпір үстінде бірнеше жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы болған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кем дегенде 5 адам қаза тапты. Жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік әзірше нақты ақпарат таратқан жоқ. Апат орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Үйінділер астында әлі ондаған адамдардың болуы әбден мүмкін. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы