387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда кокаин өсіретін шаруалар полициямен қақтығысты

  • 496
Боливияда кокаин өсіретін шаруалар полициямен қақтығысты

Боливия астанасында кокаин өсіретін шаруалардың жаппай ереуілі полициямен қақтығысқа ұласты.

Салдарынан 150-ге жуық шаруа қожайыны тұтқындалды. Наразы топ қаланың бірнеше полиция бөлімшесі мен өрт сөндіру стансаларының тас-талқанын шығарды. Шаруалар өзге елді мекеннің кокаин өсіру құқығына ие болғанына наразылық білдіріп жатыр. Бұған дейін бұл өсімдікті тек 12 мың гектар жерде өсіруге рұқсат етілген. Ал БҰҰ-ның мәліметі бойынша, шын мәнінде шаруа алаңы екі есе артық. Айта кетейік, кокаин бүгінде Боливия экономикасының құнды табыс көзіне айналған.

Хабар 24 телеарнасы