386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы бензин бағасы рекордық көрсеткішке жетті

  • 351
  • UPD: 15:33, 06.09.2018

Жанар-жағармайдың бағасы Украинада соңғы айда осымен үшінші рет көтеріліп, ұлттық гривна ай басынан бері 5%-ға дейін төмендеген.

Кешеден бері елдегі отын операторлары А-95 маркалы бензиннің бағасын рекордық көрсеткішке дейін арттырды. Сарапшылар бензин бағасынан бөлек коммуналдық төлемдердің де құны жылу маусымында екі есеге дейін дейін артуы мүмкін деген болжам жасайды.

Қаржыгер әрі экономика саласының сарапшысы Андрей Блинов доллар мен бензин бағасының тұрақсыздығын елдегі саяси дағдарыспен байланыстырады. Келесі жылы Украина Жоғары Рада мен президенттік сайлауын өткізеді, сондықтан шетел инвесторлары Украинаға әлі де болса сенімсіздікпен қарайды. Оның үстіне мемлекеттің сыртқы қарызы көбейген және ел бюджеті әлі де шетелдің көмек ақшасына аса мұқтаж.

Андрей Блинов, экономика саласының сарапшысы:

Шілде айының басында бір доллардың құны 26 гривна болса, бүгін 28 гривна 55 тиын. Ең өкініштісі, ұлттық ақша әлі де құнсызданады. Өйткені алдағы үш жыл Украина қарыз ақшаны қайтарумен болады. Мемлекеттің қарызы 20 млрд доллардан асып кетті, ал алтын-валюта қорымыз бар болғаны 17 млрд. Оның үстіне, Украинаның халықаралық валюта қоры және басқа кредит беруші елдермен қарым-қатынасы қиын болып тұр.

Сарапшылар жылу маусымында коммуналдық төлем, оның ішінде ыстық су мен жылудың бағасы бірден екі есеге дейін артуы мүмкін дегенді айтады. Америка доллары шарықтап еді, елдегі отын бағалары да бұрын-соңды болмаған рекордық көрсеткішке дейін бірақ жетті.

Иван Кудинов, отын нарығының сарапшы маманы:

- Жанармай бағасының рекордық көрсеткішке дейін жеткені доллардың өскенімен тікелей байланысты фактор. Украинадағы отын бағасы тарихи көрсеткішке жетті, елдегі А-95 маркалы бензин құны 30 гривна 55 тиын, дизель отыны 28 гривна 30 тиынды құрады. Отын бағасы шетелден тасымалданады, сәйкесінше, шетел валютасымен саудаланады, сондықтан еуроның гривнаға шаққандығы құны 6%-ға дейін артты.

Гривнаның әлсіреуіне түгесілген қазына қоры да ықпал етіп тұр. Украина экономикасы жыл сайын шелел кредиторлары мен халықаралық қаржы қорынан бөлінетін қарыз ақшаға зәру. Ресми Киев пен Еуропалық Одақ арасындағы келісім бойынша қыркүйектің аяғына дейін Украинаға 1 млрд еуро шамасында қаржылық көмек көрсетілуі мүмкін.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы