380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде 300 мыңға жуық жауынгер қатысатын ауқымды әскери жаттығу өтіп жатыр

  • 430
  • UPD: 23:56, 06.09.2018

Ресейде 300 мыңға жуық жауынгердің қатысатын кең ауқымды әскери жаттығу өтіп жатыр.

«Шығыс-2018» - бұл  дәстүрге айналған ең ірі  әскери жаттығу. Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шара НАТО-ға қарсы бағытталмаған. Жаттығу 11-15 қыркүйек аралығында қыза түспек. 

Осындай кең ауқымды әскери жаттығу соңғы рет 1981 жылы өткен. Жаттығу барысында қысқа мерзімде әскерді топтастыру, алыс қашықтыққа жылжу мен бейтаныс полигондарда   жүйелі  әрекет ету  барысы пысықталады. Оған Шығыс пен Орталық әскери округтерінің 300 мыңдай сарбазы, Солтүстік флот, әскери-десант пен авиация күштері  жұмылдырылған.

Валерий Герасимов, РФ Бас штабының бастығы:

- «Шығыс -2018» жаттығуының басты мақсаты - әскери бөлімдердің дайындығын тексеру. Ал оны тек ауқымды жаттығуда сынауға болады. Жалпы  бұл шараға  297 мың адам, бір мыңнан аса ұшақ, тікұшақ, пилотсыз құрылғы, 36 мың танк, БМП мен өзге техника және 80 кеме  жұмылдырылған.

Александр Фомин, РФ қорғаныс министрінің орынбасары:

- Жаттығуда  Қытай, Қазақстан, Тәжікстан мен  Қырғызстан  арасындағы  келісімдердегі міндеттемелерімізді орындап, атқарылар істерді пысықтадық.

Жаттығу аясында Қытай мен Монғолияның да әскери бөлімдері өз қауқарын паш етті.

Куй Яньвэй, Ресейдегі Қытай елшілігінің әскери атташесі:

- Қытай бөлімдерінің осы шараларға қатысуы екіжақты қатынастарымызды бекемдеуге септігін тигізеді. Бірлескен жаттығуымыз өзге бір елдерге қарсы бағытталмағаны анық.

Сенімді нығайту мақсатымен Ресей билігі жаттығуға шетелдік бақылаушыларды да шақырған. Өз қатысуын 51 елдің 90-ға жуық өкілі растады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы