375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдік шебер теңіз шөгіндісінен мүсіндер жасап жүр

  • 2904
  • UPD: 23:55, 06.09.2018
Израильдік шебер теңіз шөгіндісінен мүсіндер жасап жүр

Израиль суретшісі тұзды мүсіндер жасаудың жолын тапты. Ол мүсіндердің нобайын Өлі теңіз түбіне түсіріп, тұздың қырау тәрізді қатқанын күтеді.

Мысалы, мына балеринаның кристалл қабаттарымен оранғаны соншалық, қазір оның салмағы 200 келі тартады. Осы сияқты мүсіндерді су астынан алып шығу үшін арнайы көтергіш кран керек. Айта кетерлігі, суретші Ландау 15 жылдан бері мүсін жасаумен айналысады. Оның айтуынша, тұздың қату жылдамдығы су температурасына байланысты. Ал оның қандай пішінде шығатынын табиғаттың өзі шешеді. Ландаудың тұзды мүсіндері келер жылы Австрияның заманауи өнер мұражайына қойылмақ.

Сигалит Ландау, суретші:

- Жылда жаз мезгілінде осы теңіз жағасына келіп тұрамын. Бұл бір дәстүрге айналды. Тұзды мүсін жасау идеясы ойда жоқта келді. Қарап отырсақ, кристалдар өздігінен түзіліп, табиғаттың керемет туындысына айналады. Сондықтан, өз жұмыстарымды табиғат пен өнердің үндестігі деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы