376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның экс-президенті Ли Мен Бак 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

  • 426
  • UPD: 00:04, 07.09.2018
Кореяның экс-президенті Ли Мен Бак 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакқа жиырма жыл бас бостандығынан айырылу және 13 миллион доллар мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сот барысында прокурорлар осындай үкім шығаруды сұраған. Ли Мен Бак сыбайлас жемқорлыққа барып, лауазымын асыра пайдаланды және  мемлекеттік қаржыны ысырап етті деп айыпталуда. Осы іс бойынша сот процессі биыл мамыр айында басталған болатын.  Оның бұрынғы көмекшісі Ким Хи Чжун экс-президент жұбайының хатшысына 100 мың доллар бергенін мойындаған. Бұл ақша ұлттық барлау қызметінің бюджетінен алынған екен.  Сондай-ақ, прокурорлар Ли Мён Бак автокөліктерге қосалқы бөлшектер шығаратын компанияға қожалық еткен деп санайды. Құжат бойынша, бұл компания оның ағасына рәсімделіпті. Осы компания арқылы Ли қор құрып, заңсыз түрде оған 20 миллиондай доллар жинаған.  Еске салып кетсек, Ли Мен Бак 2008-2013 жылдар аралығында билік басында болған. Осыған дейін Оңтүстік Кореяның тағы бір бұрынғы президенті  Пак Кын Хені 25 жылға сотталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы